«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Казанка жалпы білім беру мектебі
Елбасының Жолдауына пiкiр
Бiз тәуелсiз елiмiздi сақтап,болашағы зор,дамыған мемлекетке айналдық. Елiмiздi бүкiл әлем танып, көк туымыз биiк шыңдарда желбiреп келедi. Мемлекет тарапынан бағдарламалар құрылып,әр саланы дамытуға көмек көрсетiлдi.
Бүгiнгi Жолдауда әлемдiк дағдарысқа қарамай, әр адамға үмiт артып,жаңа мақсаттар мен мiндеттер жүктелдi.
Президентiмiз қазiргi дағдарыс кезiнде халқымызды бiрлесе еңбек етiп,уақытша қиындықтан жеңуге күш-жiгерiмiздi жұмсап, тынбай еңбектенуiмiзге шақырды.
Көшбасшымыз осы Жолдауда да жастарға ерекше үмiт артатынын қадап айтты.
2017 ж. техникалық мамандықтар ақысыз оқытылып,жұмысшы мамандықтарына оқитын жастарға жол ашылады.
Жұмысшы мамандығын игерiп,бiлiмдi,бiлiктi мамандардың елiмiзге ауадай қажет екенiн өткiр,дәлелдi пiкiрлерiмен дәлелдеп отырды.
Президент өзiнiң өмiрiн мысал етiп,қарапайым жұмысшылардан бастап халық қалаулыларынан ел үшiн еңбек етiп,қиындықтардан бiрлесе өтудi атап өттi.
Бәрiмiз бiр адамдай осы құжатты негiзге алып,еңбек етсек ,жемiсiн көретiнiмiзге сенемiн.
Ұстаздар тарапынан елiмiздiң бiлiктi,бәсекеге қабiлеттi жастарды тәрбиелеуге мiндеттiмiз.
қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң оқытушысы Альжанова Г.С.