27 қараша күні әлеуметтік педагог пен психологтың ұйымдастыруымен “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет” аясында 7–11 сынып оқушылары үшін “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” атты бейнеролик көрсетіліп, әңгіме өткізілді.
Дүниежүзілік балалар күніне орай тәлімгер Ю.С.Лобода балалардың құқықтары мен міндеттеріне арналған танымдық стенд дайындады.
Мақсаты: құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, өзіне және қоршаған ортаға құрметпен қарауды тәрбиелеу.
« Казанка ЖОББМ»-де 7–11 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастар жол» және «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыптарында мазмұндама жазуға қатысты.
Казанка жалпы орта білім беретін мектебінде 5–8 сынып оқушыларының арасында «Мектепте және үй жағдайында су ресурстарын үнемдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.