Мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуға және көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің сүйікті кітап кейіпкерім» атты байқау өтті. Байқауға әртүрлі жас топтарындағы оқушылар қатысып, өздерінің сүйікті әдеби кейіпкерлерін үлкен қызығушылықпен таныстырды. Байқау оқушылар арасында ерекше қызығушылық тудырып, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға, қиялды дамытуға және өз ойын еркін жеткізе білуге ықпал етті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Кітапханада осындай байқауларды өткізу балаларды кітап әлеміне баулып, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көмектеседі.





