“Қазанка жалпы орта білім беретін мектебінде” Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы бойынша талқылау өтті.

Жолдауда еліміздің даму басымдықтары айқын көрсетілді: цифрландыру, сапалы білім беру, болашақ ұрпаққа инвестиция салу және мемлекеттік басқаруды жаңғырту.

Әсіресе білім саласына ерекше мән берілді:
-“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 217 жаңа мектептің салынуы;
-цифрлық сауаттылықты дамыту және жасанды
интеллектіні оқу процесіне енгізу.

Жолдау – жай саяси құжат емес, бұл – нақты іс-қимылға шақыру. Бүгінгі мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар тәлімгер, бағыт-бағдар беруші және өзгерістер көшбасшысы болып табылады.
Мектебіміз жаңа өзгерістердің белсенді қатысушысы болуға дайын:
-қауіпсіз әрі дамытушы орта құру,
-оқушылар мен ата-аналарды қолдау,
-ақылды, әлемге ашық және еліне адал жаңа буынды тәрбиелеу.
Президент Жолдауы – тек министрліктер үшін емес, бүкіл қоғам үшін маңызды бағдар болып табылады. Осыған орай, әріптестерге белсенділігі мен дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Біз бірлесіп Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырамыз!
В КГУ "Казанская общеобразовательная школа" состоялось обсуждение Послания Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу страны.

В этом стратегическом документе чётко обозначены приоритеты развития Казахстана: цифровизация, качественное образование, инвестиции в будущее поколение, а также модернизация государственного управления.

Особое значение Президент уделил сфере образования:

Запуск национального проекта «Комфортная школа»: до конца 2025 года будет построено 217 современных школ.

Развитие цифровой грамотности и интеграция ИИ в образовательный процесс.

Это не просто политический документ — это призыв к действиям. Учитель сегодня — не только передатчик знаний, но и наставник, ориентир, лидер изменений.
Наша школа готова быть активным участником этих преобразований:
* создавая безопасную и развивающую среду,
* поддерживая учеников и их родителей,
* формируя новое поколение — умное, открытое миру и преданное своей стране.

Послание Президента — это не только задачи для министерств. Это ориентир для всей страны.

Благодарим всех коллег за включённость и стремление развиваться. Вместе мы формируем Казахстан будущего!