23 сәуір күні «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Ұлттық кітап күніне орай 1–11 сынып оқушылары үшін көрнекті қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін 10 минуттық оқу шарасы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара оқушыларды бай әдеби мұрамен таныстыруда маңызды қадам болып, поэзияға деген қызығушылықтарын оятты және ана тілінің көркемдігін, сөз өнерінің құдіретін тереңірек сезінуге ықпал етті.





