«Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 5 маусым күні Қазанка жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Күншуақ» мектепалды алаңында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Эко-патруль» тақырыптық күні өтті.

2026 жылғы 5 маусым күні Қазанка жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Күншуақ» мектепалды алаңында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Эко-патруль» тақырыптық күні өтті.
Іс-шара барысында балалар табиғатты аялау және қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы туралы әңгімеге қатысты. Одан кейін «Із кесушілер» атты танымдық зерттеу серуені ұйымдастырылып, оқушылар ағаштарды қабығы мен жапырақтарына қарап ажыратуды үйренді, қоршаған ортаны бақылап, туған өлкенің табиғаты туралы білімдерін кеңейтті.
Ағылшын тілі мұғалімі сергіту сәтін өткізіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен сергектік сыйлады. Күн табиғи материалдардан кәдесыйлар жасауға арналған шығармашылық шеберханамен аяқталды. Өткізілген іс-шаралар балалардың экологиялық мәдениетін, байқампаздығын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.