2026 жылғы 3 маусым күні Қазанка жалпы білім беретін мектебінде «Күншуақ» мектеп жанындағы балалар алаңы өз жұмысын жалғастырды. Бұл күн «Кітапсүйерлер мен ертегілер күні» тақырыбына арналды. Балалар сүйікті ертегілері мен кітап кейіпкерлерін еске түсіріп, әдеби викториналарға қатысып, қызықты тапсырмалар орындады. Оқушылар кітап оқудың маңыздылығы туралы әңгімелесіп, шығармашылық белсенділік танытты. Күн қызықты әсерлерге толы болып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.





