2026 жылғы 2 маусым күні Қазанка жалпы білім беретін мектебінде «Күншуақ» мектеп жанындағы балалар алаңы өз жұмысын жалғастырды. Бұл күн жол қозғалысы ережелерін меңгеруге және үстел ойындарына арналды. Балалар ойын түрінде жолдағы қауіпсіздік ережелерін қайталап, танымдық тапсырмалар мен ЖҚЕ бойынша викториналарға қатысты. Сондай-ақ оқушылар үстел ойындарын қызыға ойнап, зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Күн қызықты, белсенді әрі пайдалы өтті.





