15 наурыз 2026 ж. «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қайырымдылық» тақырыбына арналған күн өтті. Бұл күн қайырымдылықты, мейірімділікті және көршілік татулықты насихаттауға арналды. Оқушылар жалғыз тұратын зейнеткерлерге барып, көмек көрсетіп, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.





