1 маусым күні ауыл балалары мен Қазанка жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін ерекше қуаныш пен шаттыққа толы мереке өтті. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнер мен шығармашылыққа, достық пен татулыққа толы әсерлі сәттерге ұласты.
Бұл мереке өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету, олардың жан-жақты дамуына қолдау білдіру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және өзара сыйластық пен достық құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Іс-шара барысында балалар жарқын әсерге бөленіп, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас естеліктерге ие болды. Әрбір баланың балалық шағы бақытқа, қуанышқа және қауіпсіздікке толы болсын! Жазғы демалыс жаңа мүмкіндіктерге, қызықты кездесулерге және жағымды әсерлерге толы болғай!
Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!





